• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 05 Қаңтар, 2025

Көлік жүргізушісі бетон шам бағанасына соғылып, көз жұмды

117 рет
көрсетілді

Алматыда көлік жүргізушісі бетон шам бағанасына соғылып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 04.00-де Алматы қаласының Жетісу ауданында болған. Daewoo маркалы автокөлік жүргізушісі Кудерина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, жолдың шығыс шетіне шықты, онда ол кедергіге – көше жарықтандыру бағанының бетон тірегіне соғылды. Daewoo жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», деп хабарлады ҚазТАГ  редакциясы.

Адам өліміне себеп болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.